+7 705 365 3740
kazgyrt2016@mail.ru
"Қазығұрт"  бөбекжай балабақшасы"Қазығұрт"  бөбекжай балабақшасы"Қазығұрт"  бөбекжай балабақшасы"Қазығұрт"  бөбекжай балабақшасы
  • Басты бет
  • Бөбекжай туралы
    • Педагог кадрлар туралы мәлімет
    • Балабақша меңгерушісі
    • Әдіскер
    • Бөбекжай тәрбиешілері
    • Музыка пәні жетекшісі
  • Мемлекеттік рәміздер
    • Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы
    • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні
    • Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы
  • Балабақша ережелері
    • Ата – аналар үшін ереже
    • Тамақтану
    • Медициналық қызмет
    • Қауіпсіздік
  • Құжаттар
    • Балабақша құжаттары
    • Өзін-өзі бағалау парағы
    • Жылдық жоспар
    • Күн тәртібі
    • Ұйымдастырылған оқу қызметінің кестесі
    • Тәрбиеленушілер тізімі
    • Перспективалық жоспар
    • Циклограмма
    • Мониторинг
    • Вариативті компонент
    • Баланың жеке даму парағы
    • Меңгеруші жанындағы кеңес
    • Педагогикалық кеңес хаттамасы
    • Өндірістік кеңес хаттамасы
    • Ертенгіліктер және ашық сабақтар
    • Балалар дипломдары
    • Жазғы сауықтыру
    • Музыка пәні жетекшісінің құжаттары
    • Жабдықтармен жиһаздарды қамтамасыз ету. 4 қосымша
    • Оқу-әдістемелік кешеннің болуы. 5 қосымша
  • MEDIA
    • Галерея
    • Видео
  • Байланыс
  • АНЫҚТАЛҒАН КЕМШІЛІКТЕРДІ ЖОЮ
    • Ұйымдастырылған іс-әрекет кестесі.Құлыншақ тобы. 2022-2023 оқу жылы
    • Циклограмма. Ересек топ. 2022-2023 оқу жылы
    • Мониторинг. 2022-2023 оқу жылы
    • Бағалауға арналған өлшемшарттар
    • Тәрбиеленушілердің континенттік құрылымы
    • Педагогтардың тарификациялық тізімі

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы

  • Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы
  • Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы
  • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні
Home Мемлекеттік рәміздер Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы

Ту – мемлекеттің егемендік пен біртұтастықты білдіретін басты рәміздерінің бірі. «Флаг» термині «vlag» деген нидерланд сөзінен шыққан және белгіленген көлем мен түстегі, әдетте елтаңба немесе эмблема түрінде бейнеленген, діңгекке немесе бауға бекітілген мата ұғымын білдіреді. Ту ежелден елдің халқын біріктіру және оны белгілі бір мемлекеттік құрылымға сәйкестендіру міндетін атқарып келеді.

Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік туы ресми түрде 1992 жылы қабылданды. Оның авторы – белгілі суретші Шәкен Ниязбеков.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында тік жолақ түрінде ұлттық өрнек нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы – 1:2

Геральдика дәстүрінде әрбір түс белгілі бір ұғымды танытады. Мәселен, аспандай көк түс адам бойындағы адалдық, тазалық, сенімділік, мінсіздік сияқты қасиеттерді білдіреді. Сонымен қатар, көк түс түркі мәдениетінде терең символдық мәнге ие. Ежелгі түркілер аспанды тәңір-атаға балаған, ал олардың көк туы арғы ата-бабаларға деген адалдықты бейнеледі. Қазақстанның Мемлекеттік туында ол ашық аспанды, бейбітшілікті, игілікті білдірсе, түстің біркелкілігі еліміздің тұтастығын меңзейді.

Геральдика қағидаттарына сәйкес, күн байлық пен молшылықты, өмірді және күш-қуатты бейнелейді. Сондықтан еліміздің туындағы күн шапағы дәулеттілік пен бақуаттылықтың символы – алтын масақ пішінінде берілген. Қазақстанның мемлекеттік атрибутикасында күннің бейнеленуі еліміздің жалпыадамзаттық құндылықтарды қастерлейтінін дәлелдейді және жас мемлекеттің жасампаздық күш-қуатын, серіктестік пен ынтымақтастық үшін әлемнің барлық еліне ашық екенін айғақтайды..

Қыран (бүркіт) бейнесі – көптеген халықтардың елтаңбалары мен туларында ерте кезден бері қолданылып келе жатқан басты геральдикалық атрибуттардың бірі. Бұл бейне әдетте биліктің, қырағылық пен мәрттіктің символы ретінде қабылданады. Күн астында қалықтаған бүркіт мемлекеттің қуат-күшін, оның егемендігі мен тәуелсіздігін, биік мақсаттар мен жарқын болашаққа деген ұмтылысын танытады. Бүркіт бейнесі еуразиялық көшпенділердің дүниетанымында айрықша орын алады және олардың түсінігінде бостандық пен адалдық, өрлік пен ерлік, қуат пен ниет тазалығы тәрізді ұғымдармен ұштасып жатады. Алтын бүркіт кескіні жас егемен мемлекеттің әлемдік өркениет биігіне деген ұмылысын көрсетеді.

Мемлекеттік тудың сабының тұсына тігінен ұзына бойына кескінделген ұлттық өрнектер – оның маңызды элементі. Қазақ ою-өрнектері – дүниені көркемдік тұрғыдан қабылдаудың халықтың эстетикалық талғамына сай келетін ерекше бір түрі. Түрлі формалар мен желілер үйлесімін танытатын өрнектер халықтың ішкі әлемін ашып көрсететін мәнерлі көркемдік құрал болып саналады. Тудың сабын жағалай салынған ұлттық өрнектер Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрін символдық тұрғыда бейнелейді.

Copyright 2023 / "Қазығұрт" бөбекжай балабақшасы / Барлық құқықтар сақталған
  • Басты бет
  • Бөбекжай туралы
    • Педагог кадрлар туралы мәлімет
    • Балабақша меңгерушісі
    • Әдіскер
    • Бөбекжай тәрбиешілері
    • Музыка пәні жетекшісі
  • Мемлекеттік рәміздер
    • Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы
    • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні
    • Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы
  • Балабақша ережелері
    • Ата – аналар үшін ереже
    • Тамақтану
    • Медициналық қызмет
    • Қауіпсіздік
  • Құжаттар
    • Балабақша құжаттары
    • Өзін-өзі бағалау парағы
    • Жылдық жоспар
    • Күн тәртібі
    • Ұйымдастырылған оқу қызметінің кестесі
    • Тәрбиеленушілер тізімі
    • Перспективалық жоспар
    • Циклограмма
    • Мониторинг
    • Вариативті компонент
    • Баланың жеке даму парағы
    • Меңгеруші жанындағы кеңес
    • Педагогикалық кеңес хаттамасы
    • Өндірістік кеңес хаттамасы
    • Ертенгіліктер және ашық сабақтар
    • Балалар дипломдары
    • Жазғы сауықтыру
    • Музыка пәні жетекшісінің құжаттары
    • Жабдықтармен жиһаздарды қамтамасыз ету. 4 қосымша
    • Оқу-әдістемелік кешеннің болуы. 5 қосымша
  • MEDIA
    • Галерея
    • Видео
  • Байланыс
  • АНЫҚТАЛҒАН КЕМШІЛІКТЕРДІ ЖОЮ
    • Ұйымдастырылған іс-әрекет кестесі.Құлыншақ тобы. 2022-2023 оқу жылы
    • Циклограмма. Ересек топ. 2022-2023 оқу жылы
    • Мониторинг. 2022-2023 оқу жылы
    • Бағалауға арналған өлшемшарттар
    • Тәрбиеленушілердің континенттік құрылымы
    • Педагогтардың тарификациялық тізімі
"Қазығұрт"  бөбекжай балабақшасы