біздің балабақшада сақталатын келесі маңызды ережелер:
Баланы сабак басталганнан кейін немесе тамақтанғаннан кейін алып келсеңіз, киімін ауыстырып, киім ауыстыру бөлмесінде келесі үзіліске дейін күтуіңізді сұраймыз.
Баланың қалтасынан өткір, кескіш немесе тескіш заттарды алып тастаңыз.
Шайнайтын сағызды балаға бермеуіңізді сұраймыз.
Балалардың үйден ойыншықтар алып келмегені жөн.
Егер мұғалімге қосымша сұрақтарыңыз болса, сіз таңертеңнен 15.00 ге дейін немесе кешке 17.00 ден кейін сұрауыңызға болады.
Талас және жанжал туындаған жағдайлар, тек, балалар жоқ жерде шешіледі.
Егер, белгілі бір себептерге байланысты, осы және басқа да сұрақтарды мұғалімдермен шеше алмасаңыз, әдіскер немесе директорға баруыңызды өтінеміз.
Сіз бала тәрбиесі туралы ақпаратты немесе жеке көмекті балабақшадан алуыңызға болатынын есіңізге саламыз.
Баланы ұқыпты және оған ыңғайлы киімде алып келіңіз. Мезгілге және ауа райына сай киім кигізіңіз. Тым қалың немесе жеткілікті жылы емес киім баланың ауыруына алып келуі мүмкін екенін ұмытпаңыз.
Тек келісімшартта алып жүруші ретінде көрсетілген адамдар ғана баланы әкеліп, алып кете алады.
Барлық талас мәселені тыныш және іскери жағдайда, таластың себебін айта отырып және әкімшіліктің қатысуымен шешіңіз.
Үзілді-кесілді тыйым салынады:
Тәрбиешілерге балаларды сау емес адамдарға және мектеп жастағы балаларға беруге тыйым салынады.
Ата-ананың өтінішімен, ескертусіз, баланы жіберуге тыйым салынады.
Ата-ананың міндеттері:
Бала асырау үшін төлемақыны балабақшаға кесте бойынша төлегеніңіз жөн.
Ата-аналар, балабақшаға дені сау баланы әкелуіңізді сұраймыз. Емдеуі аяқталмаған бала өзі ауырып қана емес, басқа балаларға да жұқтырады.